- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада сот жүйесі қызметшілерінің біліктілігін арттыру курстары жүруде
Астанада сот жүйесі қызметшілерінің біліктілігін арттыру курстары жүруде
«Академия біліктілікті арттыру бойынша негіз болып отыр, ол біріншіден, аудандық, қалалық, облыстық деңгейдегі сот жүйелерінің біліктілігін арттыру ошағы. Аталмыш мекемедегі сабақтарды Академияның жетекші мамандары, Жоғарғы Сот, меморганның жетекшілері өткізеді», - деп хабарламада нақтыланған.
Өз сөзінде академия ректоры Б.С. Әбдірасілов инновациялық жаңашылдықтар академияның тәжірибелік жұмысын арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. Бұл үрдістердің қорытындысы сот мамандарының біліктілігін арттырып, бірқатар оң нәтиже көрсетті, деді ол.
Оқу бағдарламасы бойынша жұмыстың 77 пайызы тәжірибеге берілсе, 23 пайызы мемлекеттік саясаттың тереңдеуіне байланысты тақырыптарға арналған.
Ағымдағы жылы Жоғарғы соттың төрағасы мен Мемлекеттік басқару академиясының ректоры екі мекеме арасында екіжақты соттық білім беру бойынша ортақ жүйе құрастырды. Ол білім беру мен біліктілікті, ұйымдастырушылықты арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ, курстардың өту барысында 21-22 қараша аралығында «Адамдармен саудаласу: жәбірленушілерді сотпен қорғау» тақырыбында тренинг өткізіледі. Ол АҚШ Елшілігі мен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының бірігуімен жүзеге аспақ.
Ал, 25 қарашада БҰҰ даму бағдарламасының қолдауымен тыңдаушыларға «Ақпаратқа қол жеткізу» тренингі өтеді.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды