• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе, Атырау және Павлодар қалаларының әуежайлары Airport Management Group басқаруына өтті

Ақтөбе, Атырау және Павлодар қалаларының әуежайлары Airport Management Group басқаруына өтті

17 Наурыз, 2016 20:27
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ақтөбе, Атырау және Павлодар қалалары халықаралық әуежайларының акциялары «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамынан «Airport Management Group» (AMG) компаниясына берілді.

Аталған әуежайлардың акцияларының 100-пайыздық пакеті Республикадағы мемлекеттік әуежайларын басқаратын AMG компаниясының сенімгерлік басқаруында болады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Самұрық-Қазынамен жасасқан шарттың негізінде AMG ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес ең үздік әлемдік тәжірибелерді, соның ішінде авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігін басқару жүйлерін, сапаны бақылау бағдарламаларын енгізу бойынша жұмыстар атқарады. AMG мамандары мастер-жобалар мен әуежайлардың инфрақұрылымын дамытуға қаржы салымы жөнінде болжамдар жасайды.

Аталған әуежайлардың болашақтағы дамуы жете талдау мен аудит өткізуден кейін анықталады.

Airport Management Group «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ құрылымындағы мемлекеттік әуежайлар желісін басқаруды жүзеге асыратын компания. 2014 жылғы қыркүйекте компанияға Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Шымкент және Қызылорда қалаларындағы әуежайлардың акцияларының мемлекеттік пакеттері берілді. Басқарушы компанияның тобында барлығы 11 әуежай біріктірілетін болады.

Барлық жаңалықтар