Жаңа «Алатау» кораблінде негізгі жабдықтың құрастырылуы аяқталды (ФОТО)

18 Наурыз, 2016 08:58
Санкт-Петербор қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясымен ресейлік қорғаныс және кеме құрастыру кәсіпорындарының делегациясы арасында келіссөздер өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Екі елдің өкілдері ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің жарақтандыруына түсетін «Алатау» мина-тартқыш кораблінің ағымдағы жай-күйі және құрылыс барысымен танысты.  

Корабльде корпустың суасты бөлігін термостаттау және бояу толық көлемде орындалды, теңіз астындағы борттық арматураның құрастырылуы орындалды, тетіктер мен негізгі жабдық, яғни, бас қозғалтқыштар, дизель-генераторлар, рульдік машина және тағы басқалары жөнделді.

Бүгінгі таңда мина-тартқыш корабльде қабылдау-тарату сынамаларын өткізу жөніндегі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі кезде навигациялық жабдықтың, байланыс құралдарының, артиллериялық қару-жарақ пен электр техникалық жабдықтың, қорғаныс жүйелерінің, дабылдама мен автоматиканың құрастырылуы аяқталуда, жекелеген жүйелердің арқандап байлау сынамалары өткізілуде. 

Келесі кезеңде жүріс сынамаларын өткізуге тартқышты дайындауды аяқтау, оны Ақтау портына көшіру, сондай-ақ келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауды аяқтау болмақ.

Нева кеме құрастыру зауытында қазақстандық армияны жарақтандыру үшін су жаңа мина-тартқыш кораблі құрылғанын естеріңізге сала кетейік.  Мұндай тартқыш өндірістегі бірден-бір және композиттік материалдардан жасалған жаңа үлгідегі корабльдер болып табылады.  

Корабль базалардың су айдынын, кемежайларды, фарватерлер мен жағалау жиегін минаға қарсы қорғау үшін арналған.  Аталмыш кемені пайдалануға беру қазақстандық Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілетін арттыруға ықпал ететін болады.  

 

Барлық жаңалықтар