• Басты
  • Нанкинде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамыту» инвестициялық форумы өтті
17 Наурыз, 2016 15:03

Нанкинде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамыту» инвестициялық форумы өтті

Нанкин қаласында (ҚХР, Цзянсу провинциясы) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бастамашылығымен ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚХР сапары аясында қол қойылған ҚТЖ мен Цзянсу провинциясы арасындағы 600 миллион доллар инвестиция тару туралы келісімге сәйкес, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамытуға инвесторлар тарту мәселесіне арналған форум өткізілді, деп хабарлады «ҚТЖ» ҮК» АҚ.
Нанкинде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамыту» инвестициялық форумы өтті

Форумды «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин алғысөзбен ашты. Ол ҚР мен ҚХР басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин бастамашылығымен «Нұрлы жол» бағдарламасы және «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың бірлескен көліктік-логистикалық жүйесін жетілдіруге және еуразиялық құрлықтағы тасымалдауды дамытудағы сауда көлемінің артуына жеткізетін қадам екендігін атап өтті.

«АЭА ерекшелігі 180 миллион тұрғыны бар және ҚХР –мен 110 миллиард доллар сауда айналымы көлемін құрайтын Еуразиялық Одақ нарығында жаңа өндіріс орындарын құру мен индустриялық серіктестіктің қанат жаюына зор мүмкіндіктер әпереді»,-деп атап өтті А. Мамин.

Қазіргі таңда АЭА Құрғақ порты Кеден Одағы, Орталық Азия мен Еуропа, Парсы шығанағы  елдерінің тұтынушыларына жүктерді жеткізудің логистикалық және мультимодальдық операцияларын жүзеге асырады.

Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аймақтағы көліктік-логистикалық  хабы және экономикалық даму драйвері ретінде бірлескен көліктік-логистикалық жүйесін жасақтау маңызды болып саналады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің ойынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы және «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар өңірдегі жоғары технологияға негізделген бәсекелестікке сай кәсіпорындар ашу, серіктестікті дамытуға ықпал етеді.

Форумда сөз сөйлеген Цзянсу провинциясы губернаторының орынбасары Чжан Лей Қытай тарабының ҚР мен ҚХР арасындағы «Қорғс-Шығыс қақпасы» АЭА индустриялық серіктестігін дамыту бағдарламасына белсенділікпен қатысатындықтарына сенім білдірді.

Сондай-ақ, форумда  «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ бас директорының орынбасары Хишам Билмааши,«KTZExpress» АҚ президенті Санжар Елубаев, «KaznexInvest» АҚ басқарма төрағасы, Қаржы министрлігі кедендік методология департаментінің директоры Марат Бейсенов сөз сөйледі.

Шараға 150-ден астам қытай компанияларының өкілдері қатысты.

Форум аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Цзянсу провинциясының губернаторы Ши Тайфэнмен, Ляньюньган қаласы халық үкіметінің мэрі Сян Сюэлонмен және бірқатар жетекші қытай компанияларының  басшыларымен кездесті.

Тараптар «Ляньюньган қазақстан-қытай бірлескен логистикалық компаниясын» әрі қарай дамыту мен Ляньюньган қаласындағы ШЫҰ логистикалық аймағын құру, «Қорғас» ХШСО дамыту мәселесін қарастырды.

Кездесу барысында Цзянсу провинциясының губернаторы Ши Тайфэн Қытай тарабының «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамытуды жүзеге асыру нәтижелерінің барынша тиімді болуына және өзара тиімді серіктестік аясын кеңітуге мүдделілік білдірді. 

Цзянсу провинциясы Қытайдың индустриялық-аграрлық саладағы жетекші аймақтары қатарынан саналады. Аймақтың ішкі жалпы өнімі 1 трлн 200 млрд долларды құрайды. Жергілікті тұрғындарының саны 78,6 миллионға жетеді.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды