• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Мыңбаев: Қашаған кен орнында мұнай өндіру 2016 жылдың қазанында жаңартылады

С.Мыңбаев: Қашаған кен орнында мұнай өндіру 2016 жылдың қазанында жаңартылады

17 Наурыз, 2016 13:19
Қашаған кен орнында мұнай өндіру 2016 жылдың қазанында жаңартылады, деді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев ОКҚ-да.

«Қашаған бойынша жұмыс кесте бойынша жалғасуда. Бұл орайда құбырларға байланысты су мен теңіз деңгейінің түсуіне байланысты мәселелер туындап жатыр. Алайда, ол істер бойынша алдын ала шаралар қарастырылған, Қашағанның ашылуын 2016 жылдың қазанына жоспарлап отырмыз», - деді С.Мыңбаев.

Оның айтуынша, коммерциялық табыстың мақсаты тәулігіне 75 мың баррель алу.

«Іске қосылу қандай жылдамдықпен шығуы оңай мәселе емес, Қашаған қараша-желтоқсан айларында қандай қосымша енгізетіні жоспар бойынша жүзегеасады», - деді ол.

Айта кетейік, Қашаған кен орнында мұнай өндіру 2013 жылдың 11 қыркүйегінде іске қосылды. 2013 жылдың соңында құбырдан газ жылыстауына орай жұмыс тоқтатылды.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар