- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Сағадиев: 2016 жылдан бастап мектеп түлектері ҰБТ-ны екінші рет тапсыруға мүмкіндік алады
Е.Сағадиев: 2016 жылдан бастап мектеп түлектері ҰБТ-ны екінші рет тапсыруға мүмкіндік алады
«Қазақстан ҰБТ тапсырмайтын түлектер саны жыл сайын артып келеді. Осы жылы олардың саны шамамен 46 мың адамды құрады. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Кеше ғана мектеп оқушысы болған 100 мыңнан астам бала жоғары оқудан тыс қалып қояды», - деді БҒМ басшысы Е.Сағадиев.
Олардың 25 мыңы жоғары оқу орнына да, колледжге де түспейді.
Сонымен бірге, түлектердің көпшілігі Ресей мен Қытайдағы жоғары оқу орындарына түседі. Салалық министрлікті қазақстандық мектеп түлектерінің басқа елдерге академиялық миграция көрсеткіші алаңдатып отыр.
2015 жылы Ресейде шамамен 39 мың қазақстандық жас оқыған. Мектеп түлектері ҰБТ тапсырғанда төменгі шекті деңгейден бір немесе бірнеше балл жинай алмай, ақылы түрде шетелдің жоғары оқу орынана түседі, демек олар басқа елдердің жоғары біліміне қаржы салады.
«Бұл мәселе бойынша біздің алдымызда Президент қойған тікелей тапсырма тұр. Осы жылы біз жастарға біздің жоғары оқу орындарымызға түсуге мүмкіндік бергіміз келеді. Әсіресе, колледж түлектері ескеріледі. Жоғары оқу орындарын бітірген жастардың барлығы жұмысқа орналаса алмайтынын түсінеміз. Алайда, тұтас алғанда, басқа елдер сияқты біз жоғары білімді қоғамға ұмтылуымыз қажет. Соңғы 40 жыл ішінде әлемдегі студенттер саны 6 есе өсті. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша жоғары оқу орындарына 150 млн адам түседі. Соңғы 10 жыл ішінде бұл көрсеткіш 50 пайызға артты», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев.
Айта кетейік, ҰБТ-ны қайтадан тапсыру ақылы негізде болмақ. Министрлік өкілдері сендіргендей, сынақты екінші рет тапсыру құны көп болмайды. Ал ҰБТ тапсыру механизміне биыл ешқандай өзгеріс енгізілмейді.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады