Мәжіліс сайлауына 817 шетелдік бақылаушы аккредитталды – ҚР ОСК

17 Наурыз, 2016 12:52
Парламент Мәжілісі депутаттарының алдағы болатын сайлауына Қазақстанда халықаралық бақылаушылар саны 817 адамды құрады, деп ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев Ортсайлауком брифингі барысында айтты.

«Бүгінгі күні шетелдік мемлекеттен бір бақылаушы қосылды (осымен 103 бақылаушы) және ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясынан бір бақылаушы (осымен 76 адам)»,-деді М.Сәрсембаев.

Оның айтуы бойынша, демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша сайлауды ЕҚЫҰ-дан 286 бақылаушы миссия бюросы болады, 301 бақылаушы ТМД миссиясынан, 9-ШҰЫ миссиясынан, 14- Еуропа кеңесінің Парламенттік Ассамблеясынан, 17- Түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінен, 3- Ислам ынтымақтастық ұйымынан, 8- Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан.

Осылайша Халықаралық ұйымдардың 817 бақылаушылары аккредитталды және шетелдік мемлекеттер, сонымен қатар 29 мемлекеттің 140 шетелбік БАҚ өкілдері.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар