• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Ыдырысов: Қазақстан ЕО-та жалпы тауар айналым көлемі жағынан 26-шы орын алады

Е.Ыдырысов: Қазақстан ЕО-та жалпы тауар айналым көлемі жағынан 26-шы орын алады

17 Наурыз, 2016 12:38
Қазақстан Еуропалық одақтың отыз ірі сауда серіктестерінің қатарына кіреді, деп мәлім етті ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында.

«Қазақстан жалпы тауар айналымы жағынан 26-шы орын алып, ЕО-ң 30 ірі сауда серіктестерінің қатарына кіреді»,-деді Е.Ыдырысов.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда ЕО Қазақстанның ірі сауда серіктесі және инвесторы болып есептеледі. Қазақстанның тауар айналымның 50 %-ы және 50 %-дан астам шетелдік инвестициясында еуропалық елдердің үлесі бар.

Министр Қазақстан республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті кеңейту туралы келісімді ратификациялау арқылы қазақстандық авикомпанияларды ЕО-ң қара тізіменен алып тастауға мүмкіндік болады, деген үмітін білдірді.  

Барлық жаңалықтар