• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Козяк: Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығынан бақылаушылар миссиясы қорытынды есепті 21 наурыз күні ұсынады

Е.Козяк: Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығынан бақылаушылар миссиясы қорытынды есепті 21 наурыз күні ұсынады

17 Наурыз, 2016 12:31
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығынан бақылаушылар миссиясы қорытынды есепті 21 наурыз күні ұсынады .Бұл туралы ТМД Бақылаушылар миссиясы штабының мүшесi Евгений Козяк ОСК брифингi барысында мәлiмдедi.

«Миссияға барлығы 301 бақылаушы аккредиттелдi. Олар Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжiкстан, Түркiменстан, Өзбекстаннан келген өкiлдер. Сондай-ақ, ТМД-ға мүше мемлекеттердiң парламентаралық ассамблеясы, Беларусь және Ресей Одағының парламенттiк жиыны, ҰҚШҰ парламенттiк ассамблеясы және ТМД атқарушы комитетiнен бақылаушылар қатысады», - деп мәлiмдедi Е.Козяк.

Оның айтуынша, бақылаушылар миссиясы штабының өкiлдерi құзырлы өкiлеттi орган басшыларымен және сайлауға қатысатын партиялардың сайлауалды штабтарымен кездестi. Сондай-ақ, Алматы қаласы мен Алматы облысының аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларының жұмысымен танысты.+

«Біздің бақылаушылардың басым бөлігі 18 және 19 наурызда келеді. Миссия штабы қысқамерзімді бақылаушылар үшін бірқатар материалдарды дайындады. Тексеріс сауалнамасы да бар, оны әрбір бақылаушы сайлау учаскелеріне барған кезде қарайды. Сауалнамада болатын ақпар біздің миссияның негізінде сақталады. Қорытынды отырыстың есебі 21 наурызда өтетін баспасөз конференциясында анықталады. Баспасөз конференцияға ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев қатысады», - деді Е.Козяк.

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар