ОСК 20 наурыздағы сайлаудың уақытын түсіндірді

17 Наурыз, 2016 11:52
ОСК сайлау беру күнгі сайлаудың уақытын түсіндірді, деді ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз конференциясында.

“Облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлауда басқа елді мекендегі, бірақ сайлаушы тіркелген сайлау округінің шегіндегі сайлау учаскелерінде ғана дауыс беруге болады”, - деді ол.

Дауыс беру барлық учаскелерде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағ. 07:00-де басталып, кешкі сағ. 20:00-де аяқталады.  

“Егер сайлаушы сайлау күні денсаулық, мүгедектік жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне, сондай-ақ сайлау учаскесi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын жерде болуына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаған жағдайда, ол учаскелік сайлау комиссиясына «үйде» дауыс беруді ұйымдастыру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы”, - деді ол.

Өтініштер ағымдағы жылғы 20 наурыз күнгі сағ.12:00-ге дейін қабылданады. 

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар