• Басты
  • Жаңалықтар
  • Орталық сайлау комиссиясында сайлау комиссиясында есептен шығару куәліктерін беру тәртібі айтылды

Орталық сайлау комиссиясында сайлау комиссиясында есептен шығару куәліктерін беру тәртібі айтылды

17 Наурыз, 2016 11:41
Орталық сайлау комиссиясында сайлау комиссиясында есептен шығару куәліктерін беру тәртібі айтылды, деді ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев.

“Ортсайлауком бекіткен дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу ережелеріне сәйкес сайлаушы жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тізімдерін ұсыну мен сайлау күні арасында өзінің болу орнын ауыстырған кезде ол тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға өтініш жасауға құқылы”, - деді ол.

“Есептен шығару куәлігі сайлаушыға немесе сенімхат бойынша оның өкіліне 4 наурыздан бастап 19 наурыз күнгі сағ. 18:00-ге дейін беріледі.Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы немесе мүшесі есептен шығару куәлігін толтыруды сайлаушының тілегі бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізеді.Бұл ретте есептен шығару куәлігін табыс еткен учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылар тізіміндегі сайлаушы тегінің тұсына, "ескертулер" деген бағанға есептен шығару куәлігінің табыс етілгені, оның бес таңбалы сериялық нөмірін, берілген күні туралы жазу енгізуі және қолын қоюы тиіс”, - деді М.Сәрсембаев.

Сайлаушының есептен шығару куәлігін алуға берген өтініші сайлаушылар тізіміне қоса тіркеледі және аталған сайлау учаскесі бойынша оны тізімнен алып тастау үшін негіз болып табылады.Есептен шығару куәлігі басқа сайлау округінде немесе бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келген сайлаушыларға берілмейді. Жоғалған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді және көшірме нұсқасы берілмейді.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар