Жамбыл облысында цемент шығаратын зауыттың құрылыс аяқталуда

17 Наурыз, 2016 20:43
Жамбыл облысында М-400, М-500 маркалы цемент шығаратын зауыттың құрылыс аяқталуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы, Талас ауданының әкімі Рысмендиев Болат Қанатбайұлы хабарлады.

Болат Рысмендиевтың айтуынша, 2015 жылы жалпы құны 5,0 млрд. теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустриалдандыру картасына енгізілді. «Жамбыл Недр» ЖШС-і жылына 300,0 мың тонна М-400, М-500 маркалы цементін өндіреді. 2016 жылы 150 мың тонна, ал 2020 жылы 300,0 мың тонна цемент өндіру жоспарлануда. Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып, монтаж қондырғылары қойылуда.

Зауыттың құрылыс жұмыстарына 183 адам тартылған, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 99 адам.

Барлық жаңалықтар