- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Мәдениеттерді жақындастыру орталығы құрылды
Қазақстанда Мәдениеттерді жақындастыру орталығы құрылды
Мәдениеттер жақындасуының тұжырымдамалық негізін маңызды халықаралық бастамаларды жүзеге асырусыз мүмкін емес екендігі белгілі. Осы орайда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығын құру бойынша уақытылы шешім қабылданып, көлемді жұмыс атқарылды.
«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейінің негізгі міндеттері ЮНЕСКО Мәдениеттер жақындасуының онжылдығын өткізудің Іс-қимыл жоспарымен үндес болып келеді. Жаңа мекеменің жарғысына сәйкес, музей құндылықтары мен тарихи-мәдени мұраны анықтау, жинақтау, толықтыру, сақтау, зерделеу және насихаттау, сондай-ақ ұлттық мұраны, оның ішінде Қазақстан Республикасының мәдени мұра объектілерін сақтау және пайдалану саласында жаңа білімді алу мен қолдануға бағытталған ғылыми-ағартушылық қызметті және қолданбалы, жобалық, ізденістік және ғылыми зерттеулерді жүргізу болып табылады”, - деді Ғ.Ахмедияров.
Орталық жұмысы ЮНЕСКО жинаған тәжірибе, гуманитарлық аспектілер және мәдениет дамуының тұрақты қағидалары негізінде Орталық Азия мемлекеттерінде мәдени көптүрлілік пен дін аралық сұхбатты ілгерілету мен сақтауға бағытталады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ЮНЕСКО-ға «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» қызметінің аталмыш халықаралық ұйым қамқорлығымен жүзеге асырылуы бойынша өтініш беру мәселесі қарастырылып жатыр.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды