• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Жамбыл облысында цианид натрий шығаратын зауыт жобасы іске асырылды

ИИДМБ: Жамбыл облысында цианид натрий шығаратын зауыт жобасы іске асырылды

17 Наурыз, 2016 13:54
Жамбыл облысында цианид натрий шығаратын зауыт жобасы іске асырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы, Талас ауданының әкімі Рысмендиев Болат Қанатбайұлы хабарлады.

Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалдық – инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы аяқталды. Осы бағдарламасы аясында ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз ететін ішкі резерві жылына 15,0 мың тонна натрий цианидін шығаратын зауыттың құрылысы, яғни «Talas Investment Company» ЖШС «зәкірлік» инвестициялық жобасы іске асырылды.

“2015 жыл аяғында кәсіпорын 1001 тонна натрий цианидін және 1148 тонна сульфат аммоний өндірді. Өнімнің жалпы соммасы 820,4 млн.теңгені құрады. Тұрақты 462 жұмыс орыны ашылды, оған жұмыспен қамту орталығы арқылы 431 адам жолданды (2014 жылы 159 адам, 2015 жылы 272 адам). Бұдан бөлек қосымша 66 адам қосалқы шаруашылыққа орналасты (дәмханада-12, газ құтқарушысы-18, қарауылда-36). 29 жасқа дейін 195 азамат жұмысқа орналасты (2014 жылы 64 адам, 2015 жылы 131 адам)”,- деп айтты Б.Рысмендиев.

Барлық жаңалықтар