- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл сайын 120 мыңға жуық бозбала шақыру медициналық комиссиясынан өтеді (ФОТО)
Жыл сайын 120 мыңға жуық бозбала шақыру медициналық комиссиясынан өтеді (ФОТО)
Әрбір көктемгі және күзгі шақырылым науқаны барысында республика бойынша медициналық шақыру комиссиясына 120 мыңдай адам келеді. Олардың арасында әскери қызметке жарамды болып танылған шақырылушылардың саны барлық медициналық куәландырудан өткендердің шамамен 76 пайызын құрайды.
2014-2015 жылдардағы шақыру медициналық комиссиясы жұмысының қорытынды талдауы нәтижесінде барлық куәландырудан өткен шақырылушылардың 14-19 пайызының әрбір шақырылым науқанында денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақырылуға кейінге қалдырылғаны айқындалды.
Денсаулық жағдайы бойынша кейінге қалдырылған шақырылушылардың арасындағы негізгі дерт ішкі ағзаның ауыруы, хирургиялық және жүйке жүйесі сырқаты болып табылады. Денсаулық жағдайы бойынша (ем-дом алуға зәру) кейінге қалдырылған шақырылушылардың жоғары пайызы денсаулық сақтау ұйымдарымен өткізілетін шақырылуға дейінгі және шақырылым жастары арасында емдеу-сауықтыру жұмысының сапасы жеткіліксіз деңгейде екенін растайды.
Денсаулық жағдайына байланысты әскерге шақырылуға кейінге қалдырылған (емделуге мұқтаж) әскерге шақырылушылардың ең үлкен көрсеткіштері Атырау облысында 56 %, 2-ші орында Қостанай облысы 21-23 %, 3-ші орында Павлодар облысы - 20 % құрап отыр. «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергілікті атқару органдары ұйымдастырып, қамтамасыз ететінін естеріңізге сала кетейік. Шақыруды өткізу кезеңінде жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша шақыру комиссиясы құрылады. Тиісті денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары шақыру комиссиясының мүшесі бола отырып, бір уақытта медициналық комиссиясының төрағасы болып табылады. Биылғы жылы 18 бен 27 жас аралығындағы, кейінге шақырылуға құқығы жоқ, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жасы 27-ге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген 30 мыңға жуық қазақстандық мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататынын айта кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді