- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбылдық шаруа қожалығы қымызбен емдейтін сауықтыру кешенін ашпақ
Жамбылдық шаруа қожалығы қымызбен емдейтін сауықтыру кешенін ашпақ
Тұрар Рысқұлов ауданында «Шәушен» ШҚ фермасының жанынан қымыз дайындайтын цех салып, сауықтыру кешенін соғып жатыр.
«Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайранбай Дөненбаев тау етегінен қымызбен емдеу орталығын ашуды бұрыннан ойластырыпты. Ойға алған жобасын іске асыру мақсатында көп ізденіп, мамандарға да қайырылған.
Шаруа 2014 жылы қымыз өндіру үшін өз қаражатына жалпы құны 250 миллион теңге жылқы фермасы жобасын іске қосты. Қазір мұнда желіде екі ауысымда (күндізгі және түнгі) 250-250-ден 500 бие байланып тұр. Алдағы уақытта желіге мың бие байлау жоспарларында бар.
Тау бөктеріндегі қымызбен емдеу орталығында қолға алынған заманауи қонақ үй, сауна, бассейн тағы басқа да нысандардың құрылысы толық аяқталды. Қымыздың бағасы қарапайым тұрғындарға қолжетімді болады. Ерекше атап өтерлігі, шаруашылық басшысы мұнда Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қымызбен емделуіне есіктері айқара ашық, бұл ретте тегін арнайы екі бөлме қарастырылған.
Тәжірибелі технологтар сұранысқа қарай ұлттық сусынның бірнеше түрін дайындайды. Негізінен тапсырыс Астана, Алматы қалаларынан түседі. Фермада көбінде халықтың сұранысы бойынша жуас қымыз, асау қымыз, сүр қымыз дайындалады. Қыс айларында сұраныс көбіне асау қымызға болады. Ал жазда жуас қымызға сұраныс көп. Сондықтан 20 тоннаға шақталған қоймасы бар.
Жуырда мемлекеттің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 7 шақырым жерден электр желісі тартылды. Ендігі міндет – саяхатшыларды ынталандыратын бағдарлама жасақтап, туристік салада жұмыс істейтін мамандар даярлау.
Туристерді қабылдау үшін кешен EXPO-2017 көрмесінің алдында толық қуатына қосылуы жоспарланып отыр.
-
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
2020 жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер -
Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды -
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды -
Ауыл шаруашылығында цифрлы технологияларды енгізу қалай жүріп жатыр -
Қостанай облысының дамуы: экономиалық даму, ауыл шаруашылығы, жолдардың құрылысы, тұрғын үй мәселелері -
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері -
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы -
Өнеркәсіп, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласының дамуы