Қарағандыда жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша акция өтті

18 Қараша, 2013 11:45
Кеше Қарағандыда ІІД әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері тарапынан халықаралық ЖКО құрбандарын еске алу күніне арналған акция өткізілді, деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

«Ұйымдастырылған акцияның мақсаты жол-көлік оқиғаларың алдын алу, халықты қайғылы оқиғалардың себеп-салдарымен барынша таныстыру, сонымен қатар қоғамды жол-көлік ережелерінен хабардар ету», - делінген хабарламада.

Биыл Қарағанды облысында 857 ЖКО тіркелген. Соның ішінде 204 адам қайтыс болса, 1059 адам жарақан алған. Демек, облыс көлемінде күн сайын орташа есеппен 3-4 адам жол-көлік оқиғасынан зардап шегеді.

Әкімшілік полиция өз тарапынан апаттың алдын алу мақсатында жұмыстарды тұрақты жүргізуде. Тек биылғы жылдың өзінде патрульдік-жол полиция қызметкерлері 74 мың жол қозғалысы ережесін бұзу жағдайын анықтаған.

Облыс әкімдігінің қолдауымен Қарағанды қаласының көптеген көшелерінің төсемелері жөнделіп, жаңа жол белгілері мен өзге де керекті құралдар  орнатылған.

Айта кету керек, БҰҰ бастамасымен қарашаның үшінші жексенбісі халықаралық жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.

Барлық жаңалықтар