• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Мәңгілік ел» пойызының қатысушылары Тараз тұрғындарына Ұлт жоспарын түсіндірді (ФОТО)

«Мәңгілік ел» пойызының қатысушылары Тараз тұрғындарына Ұлт жоспарын түсіндірді (ФОТО)

17 Наурыз, 2016 11:06
«Мәңгілік ел» пойызы Тараз қаласына келіп жетті. Шараға қатысушылары Тараз тұрғындарына “100 нақты қадамды” түсіндірді.

Тараз қаласында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ  университетінің Жастар сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» пойызы» акциясы аясында Қазақстанның  Азаматтық Альянсының директоры Элдар Катеновпен кездесу өтті.

Кездесуге үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жастар, БАҚ-ның өкілдері әдіскерлер,балалар орталығының қызметкерлері қатысты. Кездесуді облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс  бөлімінің басшысы Досымбекова Мақпал Сатыбалдықызы ашты.

Элдар Катенов іс-шара барысында  Қазақстанда скауттық қозғалысты дамыту туралы тұсаукесер өткізді.                                 

Құрамында әр саланың құзыр­лы өкілдері бар бұл делегация халықпен дидарласып, олардың мәселелеріне құлақ асып, сапар басталғалы бері 40 мыңнан астам ке­ңес беріпті.

Қаржы сала­сын­­­да­ғы қордаланған кедер­гі­лерге қа­тысты келелі кеңес­тің бірі Жам­­был облысы әкім­дігін­де өтті.

Қаржы ми­нистр­лігі Мем­ле­кет­тік сатып алу ко­ми­тетінің тап­сы­рыс беру­ші­лер мен жұмыс жөнін­дегі басқармасының басшысы Б. Арысбаев және атал­ған министрлікке қарасты Мем­лекеттік мүлік және жеке­ше­лендіру комитетінің төр­аға кеңесшісі Н.  Әбу­­қасымұлы мемлекеттік сатып алу мәселесіне қатысты шешімін таппай отырған жағдайлар мен жаңа заңнамадағы бірқатар өзгерістерді кеңінен айтып өтті.

Айта кетейік, арнайы пойыз құрамында  Ассамблея мүшелері, түрлі министрліктер мен ұлттық компания өкілдері бар.  Олар бүгінге дейін еліміздің 30-дан астам елді-мекенін аралап келеді.

Құрамдағы 100-ге жуық саланың мамандары елді-мекендердегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көптеп күш салуда. Мәселен, Сарысу ауданынның өзінде 2 жарым мың адам өз сұрақтарына жауап алған.

Сондай-ақ,Таразда бірнеше іс-шаралар мен семинарлар циклы өтті. Ал, жергілікті кәсіпкерлер бизнес жайлы ақпараттармен алмасты.  Арнайы топтың ендігі бағыты Алматы қаласында. Акция наурыз мерекесі қарсаңында қорытындыланбақ.

Барлық жаңалықтар