- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында қант қызылшасының алқабы 6,4 мың гектарға ұлғайды
Алматы облысында қант қызылшасының алқабы 6,4 мың гектарға ұлғайды
Жиын басында өңір басшысы А. Баталов қант қызылшасы өндірісін жандандыру Мемлекет басшысының Алматы облысының алдына қойған үлкен міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Осы тапсырма аясында елді қантпен қамтамасыз етуде жыл сайын өндірілетін қант қызылшасының көлемін арттыру қажет. Бұл орайда мемлекет тарапынан едәуір қолдаулар көрсетіліп, алқаптарды ұлғайту мен қант қызылшасының өнімділігін арттыруға қажетті жағдайлар жасалуда.
«2014 жылы қант қызылшасы 1,2 мың га жерге себілді деп есептелсе, өткен жылы оның егістік көлемі 4 020 га болғанын білесіздер. Одан 124,7 мың тонна тәтті түбір жиналып, тоқтап тұрған Көксу қант зауыты іске қосылды, барлық қажетті шаралар қабылданды. Өткен жылғы қант қызылшасын өсіру тәжірибесі істі дұрыс жоспарлап, оң бағыттай білсе, мемлекет қолдауын, мемлекет пен жекеменшік әріптестік тетігін тиімді қолданып, жұмыла жұмыс істей білсе жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетіп берді. Осы бағыттағы жұмысты биыл да жалғастырып, қант қызылшасының алқабы көлемін 6,4 мың гектарға, ал одан алынатын өнім көлемін 220 мың тоннаға жеткізуіміз керек», - деді А. Баталов.
Сонымен қатар инвесторларды тарта отырып, «Жетісу» ӘКК Ақсу қант зауытын қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатқанына да тоқталды.
Мұнан кейін биылғы жылы қызылша өсірудің ерекшеліктері туралы облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров баяндады. Оның айтуынша, осы жылы қант қызылшасын өндіруге тек қызылша себетін аудандардың шаруашылықтары ғана емес, Алакөл ауданы мен Қапшағай қаласының бірқатар шаруа қожалықтары да кіріскелі отыр. Алға қойған міндеттерді орындау мақсатында бүгінгі күні 6,4 мың га сүдігер жер дайындалды. Облыстық бюджеттен 200 млн. теңге бөлініп, «Жетісу» ӘКК арқылы 8422 егістік бірлік қант қызылшасының жоғары репродуктивті гибридтік француздық тұқымы сатып алынды. Қосымша Панфилов ауданы «Қамқорлық» ЖШС-ның жергілікті тұқымы 2,0 мың егістік бірлік көлемінде дайын тұр.
Облыс әкімінің орынбасары қажетті инфрақұрылымды ұйымдастыру мәселесіне де тоқталып өтті. Мәселен, жаңа сервистік дайындау орталықтарын құруға облыстық бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінген. СДО-лардың 5-еуі қант қызылшасын өндіруге бағытталған. Сонымен қатар қызылша өндірісі үшін 85 бірлік техника сатып алынатын болады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде