- Басты
- Жаңалықтар
- Созақ ауданында түйе сүтін өндіру кооперативі ашылады
Созақ ауданында түйе сүтін өндіру кооперативі ашылады
Естеріңізде болса, өңір басшысы Б.Атамқұлов өткен 2015 жылы атқарылған жұмыстар туралы халық алдында берген есебінде Созақ, Бәйдібек аудандарында мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар жасалып, Түркістан, Арыс, Отырар, Созақтан түйе сүтін жинау бекеттері ашылады деген болатын. Бұл жұмыстар осы жоспарлар негізінде ұйымдастырылып отыр.
Жиынға ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Б.Негмашов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары П.Тастанбеков және аудандағы шаруа қожалық иелері қатысты. Министрлік мамандары әуелі Созақ, Қарағұр, Шолаққорған ауылдарындағы түйе шаруашылығының жай күйімен танысты.
Ауданға арнайы іс-сапармен келген Б.Негмашов Созақта түйе сүтін өңдейтін құрылғыны лизингке беруге болатынын жеткізді.
«Қазіргі таңда, шаруалардың алдында тұрған негізгі мәселе өнімді өңдеу және өткізу екені белгілі. Бұл мәселені шешудің бірден бір заманауи жолы шаруалардың кооперативке бірігіп, өнім өндіруге, тасымалға кететін шығынды азайту», - деді министрлік өкілі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары П.Тастанбеков шаруа қожалықтарына кооперативтің құрылымы мен алдағы тұрған міндеттерін түсіндірсе, «Қарағұр» түйе шаруашылығының төрағасы Ж.Садырханов бұл жұмыстардың Үкімет тарапынан шаруаларға жасалып жатқан зор мүмкіндік екенін айтып, кооперативке мүше болатынын жеткізді.
Жиын соңында аудан әкімі түйе сүтін өңдеу бойынша құрылатын кооперативке аудан әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау жасалатынын айтып, шаруаларды бірігуге шақырды. Сәуір айында кооперативтің жарғысы дайындалып, одан әрі негізгі жұмыстар жүргізілмек.
-
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ТЖМ: Өрт қауіпсіздігі, елдімекендердегі өрт сөндіру бекеттері және алдын алу шаралары -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Мұнай өндірудің қысқаруы, жылдық инфляцияның баяулауы және әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштері -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады -
Құтқарушылар күні: Елордада жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
-
Қазақстандықтардың жыл сайынғы балық тұтыну көрсеткіші төмен -
17 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдейді: Қандай нысандар ашылады -
Қазақстанда 53 млн тонна көмір өндірілді