- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында ШОБ-ты дамыту үшін 2016 жылға 5,3 млрд. теңге бөлінеді
Ақтөбе облысында ШОБ-ты дамыту үшін 2016 жылға 5,3 млрд. теңге бөлінеді
Ақтөбе облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында 2015 жылы 3,8 млрд. теңге болатын 236 кәсіпкердің жобасына қолдау көрсетілді. «БЖК-2020» бағдарламасы арқылы қолдау көрсеткеннің нәтижесінде жыл сайын кәсіпкерлер саны артып келеді. 2015 жылы 104 адам кәсіпкер ретінде қатарға қосылған. Бұл 2014 жылман салыстырғанда екі есеге артық көрсеткіш. Бағдарлама бойынша Хромтау, Мұғалжар және Алға аудандары көш бастап келеді.
«Ауылдық жерлерде кәсіпкерлер саны артып отыр. Кәсіпкерлерді басқа да мемлекеттік бағдарламалдар арқылы қолдау жүріп жатыр. «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы 850 млн. теңге бөлініп, соның нәтижесінде 450 адам жеңілдетілген шағын несие алып, жеке кәсіптерін ашуға мүмкіндіктері болды. Ауыл кәсіпкерлері «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ сияқты қаржы институттарының да көмегіне ие болып отыр»,-деп атап өтті ол.
Жалпы, «БЖК-2020» бағдарламасы жүзеге аса бастағанда-ақ мыңнан аса ақтөбелік кәсіпкерлер қаржылай қолдауларға ие болды. Ақтөбе облысы аталмыш мемлекеттік бағдарламаның орындалуы тұрғысынан Алматы мен Павлодар сияқты алдыңғы қатарлы қалалардың қатарында.
Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау жұмысы биыл да жалғасатын болады. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының аясында бұл мақсатқа 4,1млрд. теңге бөлініп отыр.
Сонымен қатар, 2016 жылы ауыл кәсіпкерлерін шағын несиелеу және кәсіпті жаңа бастап жатқан жастарды қолдауға 1,2 млрд. теңге шамасында қаржы бағытталмақ.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі