Ақмола облысында ЖҚЖК аясында мал шаруашылығының фермасы ашылды

17 Наурыз, 2016 08:37
Сандықтау ауданының Балкашино ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында мал шаруашылығын дамытатын ферма ашылды, деп хабарлады Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».

«Ақмола облысының Балкашино ауылының Сергей Стороженко 52 жасында жұмыссыз қалғандықтан кәсіпкер ретінде өз ісін  бастайды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында 3 млн несие алады. Қаржыға ұрғашы шошқаларды алады», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда ЖК 70 шақты шошқаны қоректендіреді, халыққа  алты тоннадан астам жоғары сапалы ет жөнелтілді. Кәсіпорын  жұмыс орындарын кеңейтіп, тұрақты орындарды құрмақ.

Бағдарлама жүзеге асқалы Сандықтау ауданында 145 адам 329 млн теңгенің несиесін алды, 176 адам жұмыспен қамтылды.

 

Барлық жаңалықтар