• Басты
  • Астанада құрылыс саласындағы жаңа “жасыл” технологиялар таныстырылды
16 Наурыз, 2016 18:29

Астанада құрылыс саласындағы жаңа “жасыл” технологиялар таныстырылды

Техникалық бақылау және мониторинг департаментінің директоры Абзал Бектайұлы Ұрықтеміровтың төрағалық етуімен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жанындағы Техникалық отырысы өтті, деп хабарлады компания.
Астанада құрылыс саласындағы  жаңа “жасыл”  технологиялар таныстырылды | Strategy2050.kz

Инновацияларды зерттеумен және құрылыс саласына жаңа технологиялар ендірумен айналысатын ұйымдар Техникалық кеңеске өз жұмыстарының нәтижелерін таныстырды. 

Осылайша, «Мегалайн» ЖШҚ филиалы бас директорының орынбасары Андрей Герман «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қатысуымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша іске асып жатқан «Жасыл орам» энергиялық тиімді бірегей жобасының ерекшеліктері туралы айтып өтті.  

«Мегалайн» ЖШҚ өкілі «Жасыл орамның» экологиясы нені қамтитынын  түсіндіріп өтті. Әзірлемешілер алдында экологиялық жобалау стандарттарына сәйкестік, энергия және су тиімділігін арттыру сияқты мақсаттар қойылған болатын.

Оларға қол жеткізу үшін энергиялық тиімді инженерлік жүйелерді ендіру қажет. Оларға жылу және желдету, ауа баптау және суықпен жабдықтау, жалпы пайдаланудағы орындарды жарықтандыру және су тиімділігі жатады. Осылайша, жаңбыр суы мен «сұр» суды жинап, қайталап пайдалану арқасында «Жасыл орамның» су тиімділігі аталған технологияны қолданбай пайдаланумен салыстырғанда, 20%-ға артады.

Сондай-ақ құрылыс саласында энергиялық тиімді шешімдерді қолдану өзектілігін Техникалық кеңестің тағы бір қатысушысы – National  Laboratory Astana (Назарбаев Университет) өкілі Серікболат Есенғабылов ттілге тиек етті. Ол 2011-2015 жылдар кезеңінде іске асқан «Энергиялық тиімді жобалау және тұрғын ғимараттарын салу» жобасы бойынша өзінің жұмысы мен оның нәтижелері туралы баяндады.

Осылайша, Статистика комитетінің ресми мәліметтері бойынша 2014 жылы Қазақстанда 33 211 ғимаарт пайдалануға берілді, оның 86-сы ғана энергиялық тиімді технологиялар ескеріліп салынған. Серікболат Есенғабылов айтқандай, балкондар мен балкон есіктері энергиялық тиімділіктің маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Қазақстанның әрбір тұрғылықты мекені үшін климаттық жағдайлар ескеріліп, терезелерді жылумен қорғау сипаттамасына қойылатын талаптар әзірленген. Атап өткен жөн, Қазақстанда өндірілген энергиялық тиімді терезелер сынақтан өтіп, сәтті пайдаланылып келеді.

Отырысқа қатысқан «Polarsol Asia» компаниясының өкілі Андрей Коляда жылыту, ауа баптау және желдету саласындағы инновациялық технологиялар туралы баяндады.

Отырыстың қорытындылары бойынша, Абзал Ұрықтеміров пен Техникалық кеңестің мүшелері қатысушыларға мазмұнды баяндамалары үшін ризашылығын білдіріп, ұсынылған технологияларды Жылжымайтын мүлік қорының құрылымдық бөлімшелеріне жобаларды іске асыру кезінде қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды