• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылдың III маусымында ҚР-да экономикалық белсенді халық саны 9,1 млн-ды құрады

2013 жылдың III маусымында ҚР-да экономикалық белсенді халық саны 9,1 млн-ды құрады

18 Қараша, 2013 11:11
2013 жылғы III тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 9,1 млн. адамды құрады, бұл 2012 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,7%-ға көп, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

«2013 жылғы III тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 9,1 млн. адамды құрады, бұл 2012 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,7%-ға көп. Республика экономикасында 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды, бұл 15 және одан жоғары жастағы халықтың 68,3%-ы», - делінген хабарламада.

Жалдамалы жұмысшылардың негізгі үлесі қәсіпорындарда (ұйымдарда) жұмыспен қамтылды 82,9% (5,0 млн.адам). Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,6 млн. адамды құрады.

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың негізгі бөлігі өз қызметін ауыл шаруашылығында 54,2пайыз, сондай-ақ сауда саласында 25,3 пайыз, көлік қызметін көрсетуде 6,5 пайыз және құрылыста 6,1 пайыз.

«2013 жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге дайын болған 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 468,3 мың адамды құрады және 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 мың адамға немесе 1,0% қысқарды », - дейді баспасөз қызметі.

Жұмыссыздық деңгейі 5,2% (2012 жылғы III тоқсанда 5,2 пайызды құрады

Барлық жаңалықтар