ШҚО банктерінің филиалында 311,3 млн теңгенің 3 шоты заңдастырылды

16 Наурыз, 2016 19:08
Шықығыс Қазақстан облсыныда заңдастыру акциясы бойынша екінші деңгейлі банктің 27 филиалы қатысады. Бүгінгі күні ақшаларды заңдастыру бойынша жалпы соммасы 311,3 млн теңгенің 3 ағымдағы шоты ашылды.

Ағымдағы шотты ашу үшін ақшаны заңдастыру үшін кез-келген филиалға жүгінуге болады. Бұл жерде қызметкерлер білікті кеңес береді.

«Банк филиалдарының қатысуын бақылау мақсатында Шығыс қазақстан облысының Ұлттық банк филиалдарының мүлікті заңдастыру акциясы бойынша әр ай сайын Өскемен мен Семей банктерінің филиалдарына барып тұрады. Сапар нәтижесі банк филиалдарының қол жетімді жерлерінде заңдастыру бойынша ақпараттарды жариялауы қамтамасыз етіледі. Барлық филиалдарда арнайы дайындаған қызметкерелері бар және олар ақшаны заңдастыру бойынша ағымдағы шотты ашу туралы керекті ақпараттарды ұсынады.   Қазіргі таңда, филиалдарда ақшаны заңдастыру бойынша мәселелер туындаған жоқ»,-деп ҚР Ұлттық банкінің ШҚО филиалының директоры Марат Барлыбаев айтты.

Естерінізге сала кетейік, мүлікті заңдастыру бойынша акциялардың негізгі шарттары туралы ақапараттар ҚР Ұлттық банкінің ресми интернет-ресурсында «Мүлікті заңдастыру» бөлімінде жарияланған

Барлық жаңалықтар