• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық Олимпиадалық комитеттің кезектен тыс съезінде жаңа жарғы қабылданды

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің кезектен тыс съезінде жаңа жарғы қабылданды

16 Наурыз, 2016 13:51
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің кезектен тыс съезінде жаңа жарғы қабылданды.Бұл жөнiнде ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетiнiң кезектен тыс съезiнде Данияр Әбiлғазин мәлiмдедi.

«Ұлттық Олимпиадалық комитет Жарғысының негiзгi өзгертулерi оған мүше болу және басқару органдарын құру тәртiбiне қатысты. Қазақстан Республикасының ҰОК құрамында жеке тұлғалардың мүше болуына тыйым салынады. Комитетке Халықаралық олимпиадалық комитет мүшелерi, ХОК мүшесi – Олимпиадалық спорт түрлерi бойынша ұлттық федерация мүшелерi және спортшылар комиссиясының екi өкiлi – бiр ер және бiр әйел адам мүше бола алады», - дейдi ол.+

Сонымен қатар, жаңа Жарғыға сәйкес Ұлттық Олимпиадалық комитет мүшелерiнiң мiндеттемелерi кеңейтiлген.

«Жаңа құжатқа сәйкес, Қазақстан ҰОК, яғни, спорт федерацияларының мүшелерi қызметi Ұлттық Олимпиадалық комитетiне балама, ел аумағында орналасқан ұйымдарға мүше бола алмайды», - деген ол комитет мүшелерi өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда оларға алдымен ескерту берiледi, содан кейiн мүшелiктерi уақытша тотатылады және үшiншi санкция ретiнде комитет мүшелiгiнен шығарылатынын айтты.

 

 

Барлық жаңалықтар