• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының Сандықтау ауданында көктемгі су тасқынының алдын-алу шаралары күшейтілді

Ақмола облысының Сандықтау ауданында көктемгі су тасқынының алдын-алу шаралары күшейтілді

16 Наурыз, 2016 20:28
«Ақмола облысы Сандықтау ауданында күн райының күрт жылынып кетуіне байланысты, көктемгі су тасқынының алдын-алу шаралары күшейтілді», - деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Сандықтау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ерлан Жолдиннің мәлімдеуінше бүгінде ауданнан 50 мың текше м. қар шығарылып, 426 су өткізгіш қондырғыларын тазарту бойынша жұмыстар басталып кеткен. Атап айтқанда 44 республикалық, 37 облыстық және 22 жергілікті су өткізгіш қондырғылары тазартылған.  Барлық елді мекендерде тұйықталған көшелер, жауын науалары мен арықтарды тазарту жұмыстары аяқталып келеді. Бұл жұмыс ағымдағы жылдың 20 наурызында мәресіне жетеді.  

Қауіпті кезең аралығында су басу қаупі бар Балкашино, Сандықтау, Максимовка, Владимировка елді-мекендерінде арнайы техниканы ұстап тұру туралы ауданның 12 шаруа қожалықтарымен және ұжымдармен меморандумдарға қол қойылды. Тұрғындар мен үй жануарларын көшіретін орын дайындалып, су бекеттері жасақталды, онда жуық арада тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылады.  

Ауданның Жабай өзененінен 3,4 мың ш. метр жер аумағында мұз жару жұмыстарын жүргізуге өтініш түсірілген. Жалпы аудан бойынша  208 адам мен 103 бірлік техникадан тұратын 24 мобильді топ құрылған.

Одан өзге, 150 текше метр инертті материал, 2350 дана қап, 15,0 тонна көлемінде дизелдік отын, 1,0 тонна шамасында жанар-жағар май  қоры құрылған. Су сору жұмыстарын жүргізу үшін 4 мотопомпа сақадай сай тұр.

Жалпы көктемгі су тасқынының алдын-алу шараларын жүргізу үшін Сандықтау аудандық бюджетінен - 1,1 миллион теңге, ал елді-мекендердегі көшелер мен күре жолдарды қысқы тазарту жұмыстарына 4,3 млн. теңге  бөлінген. Сондай-ақ, әкімдік апатты жағдай орын алса шығындау үшін 7,7 млн. теңге қаражатты өз қорында ұстап отыр.

 

Барлық жаңалықтар