Сарыағашта «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» өнер фестивалі өтті

16 Наурыз, 2016 20:13
Сарыағаш ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі өтті.

 Барша аудан тұрғындары қатысқан шарада киіз үйлер тігіліп, алтыбақан орнатылды. Сонымен қатар, фестивальде қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, кітап, ұлттық киімдер және қолөнер көрмелері ұсынылды, деп хабарлады  ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 Өнер байқауына қатысқан аудан әкімі Б.Парманов барша қатысушыларға сәттілік тілеп, ауданның мәдениет саласындағы жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ, шара кезінде арнайы бейнефильм көрсетілді. Концерттің соңы мерекелік от шашумен аяқталды.

 Айта кетейік, ауылды жерлердегі мәдениет үйлері мен клубтарда халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсартып, жұмыс сапасын арттыруды, ауылдағы жас таланттарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған облыстық өнер фестивалінің қорытындысы сәуір айында жарияланады.

 

Барлық жаңалықтар