• Басты
  • Жаңалықтар
  • БАҚ-тағы үгіт-насихат кезеңінде сайлау туралы 9 мың материал жарық көрді – ОСК

БАҚ-тағы үгіт-насихат кезеңінде сайлау туралы 9 мың материал жарық көрді – ОСК

16 Наурыз, 2016 13:04
2016 жылдың 20 ақпанынан 14 наурызына дейін созылған үгіт-насихат кезеңінде БАҚ-та сайлау туралы 8 769 материал жарық көрді, деп хабарлады ОКҚ-дағы брифингте ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев.

«2016 жылдың 20 ақпанынан 14 наурызына дейін созылған үгіт-насихат кезеңінде БАҚ-та сайлау туралы 8 769 материал жарық көрді.Оның ішінде, республикалық телеарналарда 3757 сюжет, республикалық басылымдарда  - 1154 жарияланым, өңірлік БАҚ-та 3924 материал, интернет-ресурстарда – 5063 материал, әлеуметтік желілерде  - 1441 жарияланым жарық көрді», - деді М.Сәрсембаев.

Оның айтуынша, үгіт насихат кезеңінде саяси партиялардың кампаниясы 2016 жылдың 20 ақпанынан 14 наурызына дейін созылған үгіт-насихат кезеңінде БАҚ-та сайлау туралы 8 769 материал жариялады.

Мониторинг 48 республикалық газетті, 15 журнал мен 16 республикалық телеарнаны, 12 радиоарнаны, 147 өңірлік газет пен 31 өңірлік арнаны қамтыды. Сондай-ақ, 162 қоғамдық-саяси интернет ресурс бар.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар