- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға 54 мемлекет тіркелген
Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға 54 мемлекет тіркелген
Оның берген ақпараты бойынша, Алматыда өтенің қысқы Универсиада жарысына 54 мемлекет тіркелген. Мемлекеттердің тіркелуі – ағымдағы жылдың 29 наурыз айына дейін жалғасады. 2007 жылы Туринде өткен қысқы олимпиада жарыстарына 48 мемлекет қатысқан, 2009 жылы Харбинде 44 мемлекет, 2011 жылы Эрзурумда өткен жарыста 52 мемлекет, 2013 жылы Трентинода 50 мемлекет, ал Гранадада 41 мемлекет қатысқан.
«Халықаралық студенттік ойындар арасында 2011 жылы Эрзурумда 52 мемлекет қатысқан. Бұл қатысқан елдердің ең көп саны болды. Біз Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға 55 елдің 2 мыңнан астам спортшылары қатысады деп күтудеміз. Қазіргі күні 54 мемлекет онлайн-тіркеуден өтті»,-деді А.Әбдуалиев.
Дирекция жетекшісі Универсиада-2017 нысандарының құрылысы 60 пайызға дайын екендігін айтты. Алғаш рет Универсиада өткізу қарсаңында Атлетикалық қалашық салынады.
«7-ші қысқы Азия ойындарының тәжірибесіне сүйене отырып, Универсиада-2017 қатысушыларына визалық режиім қысқартылатын болады. Қалада жүру үшін 500 бірлік көлік жұмылдырылады, негізгі және альтернативті бағыттар әзірленген»,-деді ол.
Айта кетейік, Алматыда өтетін Универсиада-2017 Қазақстан тарихында орын алатын ірі спорт шарасы болады. Алматы ТМД елдері арасында бірінші қала болады және онда халықаралық студенттік қысқы ойындар өтеді. Ағымдағы жылы қысқы Универсиада нысандарын апробациялау үшін 7 тестілік шара өткізу жоспарланған. Олардың ішінде Республикалық Универсиада мен трамплиннен шаңғымен секіру бойынша әлем кубогының қысқы кезеңі өтті.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты