- Басты
- Жаңалықтар
- «Rifa Holding Group» компаниясы Қазақстаннан жыл сайын 100 мың сиыр етінің ұшасын Қытайға экспорттау үшін сатып алуға дайын
«Rifa Holding Group» компаниясы Қазақстаннан жыл сайын 100 мың сиыр етінің ұшасын Қытайға экспорттау үшін сатып алуға дайын
«ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде елімізде жеке инвестициялармен мемлекеттік қолдау есебінен 180 мың малға арналған бордақылау алаңдарының жүйесі құралды, ірі қара малды асыраумен айналысатын 10 мыңнан аса фермерлік шаруашылықтар қатысады. Бүгінде қазақстандық өндірушілер Ресей нарығын белсенді игеріп, ет және ет өнімдері экспортында өз орын алуда. Тек 2015 жылдың өзінде 16 мың тоннадан артық ет және ет өнімдері экспортталды, оның ішінде 6,4 мың тонна салқындатылған сиыр еті де бар.
Мемлекет басшысымен ет және сүт саласына стратегиялық инвесторларды тарту және халықаралық ет нарығында ірі компаниялармен ет экспортын қамтамасыз етуге қатысты қойылған тапсырмаларды орындау мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларды құру аясында құжаттарға қол қойылды. Мұндай компаниялардың бірі қытайлық «Rifa Holding Group» трансұлттық корпорациясы.
«Rifa Holding Group» және «Евразия агрохолдинг» компаниялары арасында Шығыс Қазақстан облысында ет кластерін құру бойынша меморандумға қол қойылды. Жалпы, 17 мың тонна жылдық қуаттылығымен ет комбинатының, бір уақытта 50 мың бас ҰҚМ және 1000 бас ІҚМ-ға арналған бордақылау алаңдарының құрылыстары жоспарлануда. Мұнымен, кәсіпорынның 80% өнімі Қытайға экспортталмақ.
Сондай-ақ, «Rifa Holding Group» компаниясы жыл сайын 100 мың сиыр етінің ұшасын және 1 млн. қозы ұшаларын алуға дайын.
Бұған қоса, жыл басында еліміздің ірі кәсіпорындарының бірі «Актеп» ЖШС және итальяндық «Inalca Eurasia» компаниясы арасында инвестициялық келісімге қол қойылды. Келісім аясында бір уақытта 44 мың бас қуаттылығымен еліміздің үш облысында бордақылау алаңдарының құрылысы үшін вертикалды-интеграцияланған компанияларды құру, сондай-ақ ет және ет өнімдерін 20 мың тоннаға дейін қуаттылықты ұлғайтумен ет комбинаттарын модернизациялау қарастырылып отыр.
Инвестиция көлемі 100 млн долларды құрайды. Сонымен қатар, компания қазақстандық еттің жаңа үлгісін құруды және де Еуропа және Ресей елдеріне экспорттауды қамтамасыз етуді ниет етіп отыр. Қазақстандық ет және етті қайта өңдеу өнеркәсібінің бірінші халықаралық «KazMeatAstana 2016» форумына қатысатын италиялық компаниядан басқа Канада, Жаңа Зеландия, Түркия, Ресей және басқа елдердің инвесторлары қазақстандық етті импорттауды жоспарлап отыр.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі