- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы БҰҰ Әйелдер ахуалы жөніндегі комиссиясының 60-сессиясына қатысты
Мемлекеттік хатшы БҰҰ Әйелдер ахуалы жөніндегі комиссиясының 60-сессиясына қатысты
Г.Әбдіқалықова өз сөзінде гендерлік теңдік және әйелдердің ахуалын жақсарту мәселелері бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, орнықты даму, кедейшілікті жою және адам құқықтарын қорғау сияқты БҰҰ Жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелерімен тығыз байланысты екенін атап өтті.
Мемлекеттік хатшы Қазақстанда гендерлік саясаттың өзіндік үлгісі қалыптасқанын айтты. Ұлттық ерекшеліктер ескерілген бұл үлгі халықаралық тәжірибелерге негізделген. Сондай-ақ гендерлік теңдікке қол жеткізуге, әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктері ауқымын кеңейтуге бағытталған.
Сессия аясында «Қазақстанның гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаты: өсім, реформа, даму» тақырыбы бойынша министрліктің жұмыс бабындағы түскі асы ұйымдастырылды. Жарыссөзге Бельгия, ОАР, Чехия, Ангола, Латвия, Зимбабве, Үндістан, Корея Республикасы, Жапония, Парагвай, Аргентина, Мысыр, Түрікменстан және басқа да елдердің делегациялары қатысты. Іс-шара барысында Қазақстандағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың, сондай-ақ экономикалық мүмкіндіктерінің аясын кеңейту және ауылдық аймақтардағы әйелдердің денсаулығын қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сессия барысында Мемлекеттік хатшы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Әйелдер құрылымының атқарушы директоры Ф.Мламбо-Нгкуканың кездесуі өтті. Тараптар Қазақстанның әйелдер мен қыздар құқығын қорғау және мүмкіндіктері ауқымын кеңейту саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау мәселелері қаралды. Г.Әбдіқалықова тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанның әйел құқықтарын қорғау саласында қол жеткізген өзгерістеріне жетекші халықаралық сарапшылар оң баға бергенін атап өтті.
Сондай-ақ, Г.Әбдіқалықова Америкалық мемлекеттер ұйымының (АМҰ) Әйелдер жөніндегі америкааралық комиссиясының атқарушы хатшысы, елші К.Мореномен кездесті. Тараптар әйелдердің азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларға қатысуына және өкілеттілік етуіне толық әрі тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді жан-жақты талқылады. Мемлекеттік хатшы Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы әйел құқықтары және гендерлік теңдікке қатысты саясатты жүргізу ісіндегі басты ұйым болып табылатын АМҰ-мен ынтымақтастыққа жете мән беретінін атап көрсетті.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ Даму бағдарламаларының Әкімшісі Х.Кларкпен кездесуде ҚР мен БҰҰДБ арасында 2016-2020 жылдарға арналған жаңа негіздемелік бағдарламаға қол қойылғанын айтып, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге және оны жүзеге асыруға жәрдем еткені үшін алғыс білдірді. Г.Әбдіқалықова Х.Кларкқа кедейшілікті және жұмыссыздықты төмендетуге, әйелдерді инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға тартуға бағытталған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасының мүмкіндіктерін таныстырды. Мемлекеттік хатшы Нью-Йорктегі БҰҰ Даму бағдарламасында қазақстандық әйелдердің де өкілдік етуіне мүдделілік танытты.
АҚШ-қа жасаған жұмыс сапарының соңында Мемлекеттік хатшы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті. Кездесу барысында орнықты дамудың, гендерлік теңдіктің және әйелдер мен балалардың құқықтары мен мүмкіндіктері аясын кеңейтудің, әлеуметтік-гуманитарлық ілгерілеудің өзекті мәселелері талқыланды.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты