- Басты
- Жаңалықтар
- ИДМ басшысы Жапония елшісімен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
ИДМ басшысы Жапония елшісімен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Әсет Исекешев Масаёси Камохараға табысты ынтымақтастық үшін зор ілтипат білдіріп, Қазақстан тарапы Масаёси Камохараның екі елдің арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және нығайту үшін қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сондай-ақ, министр елшінің жұмысы барысында екі елдің арасындағы өзара байланыстар жоғары деңгейде жанданғанын атап өтті.
2015 жылғы қазанда Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэның Қазақстанға ресми сапары барысында жалпы құны 52,5 млн. доллар болатын 8 жоба бойынша келісімге қол қойылды. Олардың қатарында Ақтау теңіз портын қаржыландыру жобасы, мұнай өңдеу мен мұнай химиясы жобалары, экспорттық және транзиттік тасымалды кеңейту жобалары бар. Сонымен бірге тараптар автомобиль терминалын құру, глицирризинат моноамманиумы өндірісі бойынша зауыт құрылысының екінші кезеңін жүзеге асыру, дәрілік шөптерді өңдеудің инновациялық технологиясын беру және тағы да басқа мәселелер бойынша уағдаласты.
Анықтама: Бүгінде Жапониямен құны 698 млн. АҚШ доллары болатын бірлескен 9 жоба іске асты: Алматыда автомобильдерді өңдеу бойынша логистикалық терминал құрылысы, «Қорғас» ШЫХО уақытша сақтайтын терминал құрылысы;«Fortuner» көлігін бірлесе құрастыру жүзеге асуда, табиғи уран өндіру; күкірт қышқылын өндіру; ғарыштық мәліметтерді қолдану арқылы астық пен көкөніс өсіру (картоп пен сәбіз).
Құны 1 млрд. АҚШ доллары болатын 3 жоба қолға алынған: «Казмедприбор» ЖШС бірлескен рентген аппараттарын шығару; Қарағанды облысының «Көктенкөл» кеніші базасында тау-кен металлургия комбинатының құрылысы; Астана қаласында автокөліктерді өңдеу бойынша логистикалық терминал құрылысы.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Мемлекет басшысы «Спутник-V» вакцинасын салдырды -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе