• Басты
  • Жаңалықтар
  • Рудныйдағы құрылыс және транспорт колледжінде 6 млн теңгелік балқыту шеберханасы ашылды

Рудныйдағы құрылыс және транспорт колледжінде 6 млн теңгелік балқыту шеберханасы ашылды

18 Қараша, 2013 10:50
Рудныйдағы құрылыс және транспорт колледжінде жаңадан балқыту шеберханасы ашылды. Оның жөнделуіне жұмсалатын қаржыны Соколов-Сарыбай кен байыту өнеркәсіптік бірлестігі өз мойнына алды, деп хабарлайды «ССКБ» АҚ-ның баспасөз қызметі.

«Шаңа шеберхананың құны 6 млн теңге. Шеберханада бүгінге дейін пайдаланылып келген қондырғылардың жұмыс істеп тұрғанына 40 жыл болған. Ескі балқыту кабиналарын жөндеу жұмыстары заманауи жаңа қондырғылардың қолданылуымен жүзеге асырылды. Шеберханаға жаңа аппараттар мен сору жүйесі орнатылды. Ондағы балқыту орындары 8-ден 12-ге дейін көбейді. Барлық қондырғылар жаңа заман талабына жауап береді», - делінген хабарламада.

«Шеберханада жұмыс істеу жағдайы барынша жеңілдетілген және ыңғайландырылған. Ал балқыту қондырғылары өндірістік нысандарға барынша жақын. Біз болашақта еңбек нарығына ұсынатын өз студенттерімізге сапалы білім береміз», - дейді колледж директоры Аманжол Сағынаев.

Сонымен қатар, кәсіпкерліктегі әлеуметтік әріптестік аясында колледжде видеобақылау жүйесі мен ақпараттық және ағарту тақтайшалары енгізілмек.

 

Барлық жаңалықтар