• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан машина жасау мен тамақ өнеркәсібіне түркиялық инвестицияларды тартуда

Қазақстан машина жасау мен тамақ өнеркәсібіне түркиялық инвестицияларды тартуда

16 Наурыз, 2016 11:48
Түркияда ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Түркиялық бизнес-қоғамдастығының өкілдері тамақ және тоқыма өнеркәсібі, автомобиль жасау және қосалқы бөлшектер мен құрылыс материалдарын шығару салаларында нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

ҚР ИДМ хабарлағандай, Ә.Исекешевтің 2016 жылғы 11-12 наурыздағы Түркияға жұмыс сапары Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың осы елге жоспарланған сапарына әзірлік аясында өткізілді.   

12 наурызда Әсет Исекешев пен Түркияның Экономика министрі Мустафа Элиташтың төрағалығымен өткен Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының кезекті  9-шы отырысында сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың әртүрлі мәселелері, оның ішінде бірлескен индустриалдық аймақ, көлік және энергетика, шағын және орта  бизнес, ауыл шаруашылығы, білім және денсаулық сақтау, техникалық реттеу, мәдениет және туризм, сондай-ақ –келісімшарт-құқықтық мәселелері талқыға салынды.  

Бұның сыртында, тараптар екі мемлекет басшыларының қамқорлығындағы «Жаңа Синергия» бағдарламасы бойынша Шаралар жоспарын өзектілендіру жөнінде келіссөздер жүргізді.

Жалпы, тараптар дүниежүзілік экономиканың ағымдағы жағдайына қарамастан сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты қарқынмен дамуда, ал Қазақстанның ағымдағы инфрақұрылымдық жоспарларын жүзеге асыруы елдеріміз арасындағы екіжақты қатынастың беки түсуіне өздерінің тиісінше үлестерін қосатындығын атап өтті. Үкіметаралық комиссия отырысының  қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген келісімдерді бекіткен Хаттамаға қол қойды.

 

Барлық жаңалықтар