• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада қосалқы келісім шарт жасау және өнеркәсіптік кооперация орталығы таныстырылды

Астанада қосалқы келісім шарт жасау және өнеркәсіптік кооперация орталығы таныстырылды

16 Наурыз, 2016 11:32
«Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі«NADLoC» АҚ (ҚР ИДМ) химия өнеркәсібіндегі қазақстандық Одақпен бірге отандық химия өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасау бойынша кеңес өткізді.

Ашық диалогқа жер қойнауын пайдаланушылар, жүйе құрушылар, тау-кен компаниялары және химиялық компаниялар шақырылды.

Жиналысты аша отырып, Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі«NADLoC» АҚ (ҚР ИДМ)  басқарма төрағасының орынбасары Әділхан Арстанов отандық кәсіпорындарды жүктеу, мәселелер туралы айтып өтті.

Жиналыс барысында отандық кәсіпорындардың жобалары таныстырылды және олар тапсырыс берушілерді қызықтырып, тауарлар мен қызметтер сапасын оңтайландыру және жетілдіру бойынша талқыға әкелді.

Кездесу барысында екі жақ бүгінгі дағдарысқа қарамастан, өндірушілерге «сатып алу-сату» жүйесінен кету керектігі айтылды. Әлемдік экономика әрбір өндіруші өз тауарын тек қана сатып қоймай, барлық қызмет түрін көрсетуге әкелуде. Осындай амал үлкен бастапқылық әкеледі және компания сатылымын ұлғайтуға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, жиналыс барысында қосалқы келісім шарт жасасу және өнеркәсіптік кооперация орталығы таныстырылды.

Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі«NADLoC» АҚ (ҚР ИДМ) баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл Қазақстанның ДСҰ мен ЕАЭО кіруі жағдайында отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатындағы жаңа көзқарас.

Барлық жаңалықтар