Жамбыл облысында соңғы 5 жылда 246 су шаруашылығы нысандары жөнделді

16 Наурыз, 2016 10:39
Жамбыл облысында соңғы 5 жылда 246 су шаруашылығы нысандары жөнделді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ханалиев Жасұлан Рахымбайұлының брифингі өтті.

Брифингте су шаруашылығы нысандарының жай-күйі, суландыру желілері мен гидротехникалық қондырғылардың жаңа маусымға дайындығы туралы кеңінен айтылды.

«Табиғат өртінің жылдам таралуына тосқауыл қою үшін 174 шақырым минералды жолақтар жасалды. Бұрынғы жылдары жасалынған 6826 шақырым минералды жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Өрт қаупсіздігін сақтау жөніндегі 257 тақтайшалар, 39 панно жаңартылды, 43 мақала жарияланды (53 автомашина (УАЗ-469, УАЗ-«Фермер», Газ-53, Газ-66), оның ішінде 10 өрт сөндіру автомашинасы (АЦ-30, АЦ-40), 41 трактор соқасымен, 3 тонналық тіркемелі 14 бірлік әмбебап цистерна, арқаға асылатын 76 өрт сөндіргіш және 640 сапалақ дайындалды). Орман қорын жерлеріне 37 өрт бақылау мұнарасы мен 16 бекет қойылды. Өрт бақылау мұнаралары, бекеттер және кордондар тұрақты және жылжымалы 82 рациямен қамтамасыз етілді. (Оның ішінде – 28-і стационарлық, 27-і автомобилдік және 27-і қолда ұстайтын. Өрт сөндіруге қажетті – 500 дана құрал-сайман алынды). Есепті жылдың қорытындысы бойынша орман қоры және жануарлар дүниесін қорғау бағытында 510 рейдтер ұйымдастырылды»,-деді Жасұлан Ханалиев.

Барлық жаңалықтар