ШҚО Моңғолияға автокөлік жеткізуді жоспарлауда

16 Наурыз, 2016 10:21
Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Моңғолия Республикасына барып қайтты, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Сапар барысында аймақ басшысы Моңғолия Республикасының Премьер-министрі Цэрэндашийн Оюунбаатармен кездесу жоспарланған.

Кездесу кезінде автомобиль өндірісі саласындағы екіжақты серіктестіктің келешегі туралы сөз болды.

Соның ішінде, «БИПЭК АВТО–АЗИЯ АВТО» холдингінің өнімін Моңғолия нарығына жеткізу мәселесі қаралады.

Моңғолдық серіктестерге Моңғолия аймағында қазақстандық автомобильдің  сату жүйесін құру туралы ұсыныс тарту етілді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша аталмыш сұрақ бойынша ең жақын уақытта шешім қабылданады.

Айта кетерлігі, «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» Еуразиялық одаққа шығу бойынша автонарықты бірінші жүзеге асырған компания. 2015 жылы қазақстандық холдинг 15 автоорталықты Ресейдің 11 қаласында ашты.

«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» қазақстандық холдингтің келісім шарттық аймағы 7 елде бар, Қазақстан мен Ресейдің азиялық аймағы кіреді.

Айта кету керек, ШҚО әкімі Даниал Ахметов осыған дейін Әзірбайжан Республикасының Премьер-министрі Артур Раси-Задемен, Қырғыз Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Олег Панкратовпен және Тәжікстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Азим Ибрахиммен келіссөздер жүргізген болатын.

 

Барлық жаңалықтар