- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 3400 гектар алқапқа сексеуіл тұқымдары себілді
Жамбыл облысында 3400 гектар алқапқа сексеуіл тұқымдары себілді
Өңірдегі ормандарды қорғау, олардың қорын молайту және жаңадан орман өсіру шараларымен 14 орман шаруашылығы мекемелері мен «Ормандарды қорғау жедел қызметі» айналысады.
Бүгінде орман қорының жалпы аумағы 4,4 млн. гектарды құрайды. Оның орманды жерлері 2,2 млн. гектар. Жалпы орман қоры жерлері облыс аумағының 31,0 пайызын алып жатыр.
Өткен жылы осы салаға жергілікті бюджеттен бөлінген 703,0 млн.теңге толық игерілді. Оның ішінде мекемелерді ұстауға 561,0 млн. теңге, оларға техникалар мен жабдықтар алуға 45,0 млн.теңге, өртке қарсы шаралар жүргізуге 32,0 млн.теңге жұмсалды. Орман тұқымбақтарын қалпына келтіруге және орман ағаштарының көшеттерін өсіруге 14,5 млн. теңге бөлінді.
«2015 жылдың ерте көктемінде орман қоры аумағына сексеуіл және тағы басқа орман көшеттері арқылы 1600 гектарға жаңадан орман ағаштары отырғызылды. Күзде 3400 гектарға сексеуіл алқаптарын тұқымдары арқылы себу жұмыстары жүргізілді. Күзгі санақтың нәтижесі бойынша 4560 гектар жер орман көмкерген алқапқа ауыстырылды. 2016 жылы ормандарды қалпына келтіру және жаңадан орман өсіру шараларын іске асыруға – 43,3 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаржының есебінен ерте көктемде орман қоры аумағына сексеуіл және тағы басқа орман көшеттері арқылы – 900 гектар жерге жаңадан орман ағаштары отырғызу, күзде 4100 га көлемде сексеуіл алқаптарын тұқымдары арқылы себу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр»,-деді Ж,Ханалиев.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады