- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК Бас штабының басшылығы ҰҚШҰ Біріккен штабының делегациясымен кездесті (ФОТО)
ҚР ҚК Бас штабының басшылығы ҰҚШҰ Біріккен штабының делегациясымен кездесті (ФОТО)
Кездесу барысында өңірдегі және әлемдегі әскери-саяси жағдай мәселелері, 2016-2017 жылдардағы бірлескен жедел және жауынгерлік даярлық іс-шаралары, ҰҚШҰ (ұжымдық күштері) әскерлерінің әрі қарай дамуы, сондай-ақ ҰҚШҰ Біріккен штабының қайта құрылуы талқыланды.
Ресей Федерациясының аумағында жедел ден қою ұжымдық күштерімен «Өзара іс-қимыл-2016» ҰҚШҰ бірлескен оқу-жаттығуы, Беларусь Республикасының аумағында ұжымдық бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық-2016» және өзге де жауынгерлік даярлық іс-шараларына дайындық барысы қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша ҰҚШҰ ҰЖДК құрамын күшейту, жалпы алғанда, ұйымның дамуының заманауи кезеңінде тапсырмаларды орындауға сәйкес келетін ҰҚШҰ Біріккен штабының ұсынылып отырған ұйымдық-штаттық құрылымын қолдау ұсынылды.
Одан басқа, делегация сәуірде жоспарланып отырған «Бірлескен операцияларды (жауынгерлік іс-қимылдарды) дайындау және жүргізу кезінде әскерлердің (күштердің) коалициялық топтамасын жан-жақты қамтамасыз ету» ҰҚШҰ-ның халықаралық әскери-ғылыми конференциясына дайындалу шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды. Бұл ретте Біріккен штабтың өкілдері Республикадағы әскери білім беру жүйесімен, университеттің оқу процесі мен материалдық-техникалық базасының ұйымдастырылуымен танысты. Делегация өз жұмысын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына баруымен аяқтады. Онда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуы, пайда болуы тарихы және заманауи тыныс-тіршілігімен танысты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда