• Басты
  • Жаңалықтар
  • Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

18 Қараша, 2013 10:33
ОҚО Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округі Бескепе ауылында жаңа мектеп мектеп пайдалануға берілді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округі Бескепе ауылында 250 оқушыға арналған мектеп пайдалануға берілді. Білім беру ұйымының құрылысына облыстық бюджеттен 402 млн теңге жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын «РСУ-1» ЖШ  жүргізсе, инжинерлік қызметті «Барыс корпорациясы» ЖШС көрсетті», - деп хабарламад а нақтыланған.

Мектеп ғимараты табиғи газбен жылытылады, мультимедия және лингафон кабинеттері мен химия, биология, информатика пәндеріне арналған арнайы бөлмелер қарастырылған. Жаңадан іске қосылған білім беру мекемесінде 3 спорт алаңшалары, кітапхана, спорт залы, шеберханаларымен жабдықталған.

 

Барлық жаңалықтар