• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Мәңгілік ел» пойызының мамандары Жанатас қаласында жастарға «Серпін-2050» бағдарламасын айтты (ФОТО)

«Мәңгілік ел» пойызының мамандары Жанатас қаласында жастарға «Серпін-2050» бағдарламасын айтты (ФОТО)

16 Наурыз, 2016 09:13
«Мәңгілік ел» пойызының 15 ақпан айында Астана қаласынан Қазақстанның барлық аймақтарына барғанына бір ай болды. Бір ай ішінде 12 облыста болып, Жамбыл облысының Жанатас қаласына келді.

Жамбыл облысының батыс бөлігінде орналасқан шағын қала пойыз қатысушыларын көктемнің арайлы шуағымен қарсы алды.

Таңертеннен бастап орталық аудан ауруханасында қала тұрғындары мен жақын маңдағы ауыл тұрғындары еліміздің жетекші клиникаларының  жоғары мамандандырылған дәрігерлерінен кеңес алу үшін жиналды.

«Еліміздің 30 бекетінен шамамен 12 мың емделушіні қабылдадық, олардың ішінде алты мыңнан астамы балалалар. 600-ден астам жас емделушілерді квота бойынша Астана мен Алматы медицина орталықтарына тегін арнайы көмек алуға жібердік»,-деді балалар пульмонологы Шамшагүл Наурызалиева.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері аймақтың түлектеріимен кездесіп, «Серпін-2050» бағдарламасын таныстырды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары мен Аграрлық несие корпорациясы кәсіпкерлер мен болашақ бизнесмендермен кеңес жұмыстарын өткізді.

Әрбір елді мекенде жұмыс оның жеке жоспары бойынша өтіп жатыр және олардың көбісі қолайлы және облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуына сәйкес келеді.  «Мәңгілік ел» пойызының келлесі 31 бекеті Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласы болмақ. 

Барлық жаңалықтар