- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазатомөнеркәсіп -елдің маңызды активі
Н.Назарбаев: Қазатомөнеркәсіп -елдің маңызды активі
Кездесу барысында А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы, компанияны трансформациялау бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Қазақстан Президенті біздің республика әлемдегі толық өндірістік цикл құруға ұмтылып отырған ірі уран өндіруші ел екенін айтты.
«Компания елдің маңызды активі саналады. «Қазатомөнеркәсіптің» әртүрлі бірлескен кәсіпорындарда қатысу үлесі бар, олардың біразы бойынша серіктестер мойындарына алған міндеттемелерін орындамайды. Осыған байланысты олардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету керек, немесе активтерді мемлекет мүддесі үшін қайтару мүмкіндігін қарастыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы әлеуметтік нысандардың жергілікті атқарушы органдар қарауына берілгені, кәсіби бағдарға жатпайтын 11 кәсіпорынның бәсекелестік ортаға шығарылғаны және өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өндіруші кәсіпорындар кеңселері өндіріс орналасқан өңірлерге көшірілгені туралы баяндады.
А.Жұмағалиев трансформация бағдарламасы аясында қабылданған кешенді шаралар нәтижесі бойынша «Қазатомөнеркәсіп» өндірістік өзіндік құнды 16 миллиард теңгеге төмендеткенін, ал компанияның экономикалық қосылған құнын 17 миллиард теңгеге жуық өсіргенін айтты.
Ұлттық компания басшысы Елбасыға өндірісті әртараптандыру үшін қабылданған, атап айтқанда, АЭС отынын өндіру зауытының құрылысына дайындық шаралары туралы баяндады.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев -
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды -
Тоқаев: Ұлттық сенім кеңесі бір жылда маңыздылығын көрсете алды -
COVID-19: Тұмауға қарсы вакцина салдыру қаншалықты маңызды, тұмау мен коронавирусты қалай ажыратамыз -
Астық өнімінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ете ала ма -
ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Асқар Маминмен кездесіп, елдің экономикалық дамуы жайлы сөйлесті -
Экологиялық сауатсыздықты жою -халық арасында жүргізілетін маңызды мәселеге айналуы тиіс -
Аида Балаева: Президент үндеуінде айтқандарының ең негізгісі – бұл әрбір қазақстандық өмірінің маңыздылығы -
Президент тапсырмаларының заңда көрініс табуы маңызды -М.Бахтиярұлы -
Д.Есин: Заңдағы өзгерістер - Қазақстанның саяси жүйесінің эволюциялық дамуындағы маңызды қадам -
Аталған нормалар маңызды саяси жаңалық болып табылады – Е.Қарин