• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Мәңгілік Ел» республикалық акциясының аясында 12 мыңнан астам азамат медициналық кеңес алды

«Мәңгілік Ел» республикалық акциясының аясында 12 мыңнан астам азамат медициналық кеңес алды

16 Наурыз, 2016 08:37
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» Пойызы» республикалық акциясының аясында дәрігерлер 12 мың 78 азаматты тексерді. Оның ішінде 6 мың 435 адам республиканың 12 өңіріндегі 18 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Республикалық акция мақсаттарының бірі – халыққа қолжетімді, жоғары білікті медициналық көмек көрсету болып табылады.

Акция басталғаннан уақыттан бері 486 адам жоғары технологиялы және мамандандырылған медициналық көмек алу мақсатында республикалық медициналық ұйымдарға жіберілді.

С. Асфендяров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті интернатура және резидентура кафедрасының доценты, м.ғ.д. Нұрлан Балтабеков «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау алгоритмі» тақырыбында Қарағанды, Балқаш, Зыряновск қалаларында 147 жоғарғы және орта звено медициналық қызметкерлері үшін шеберлік класын өткізді.  

Сонымен бірге, пойыз құрамында Республикалық санитарлық авиация орталығының мобильдік бригадасы жұмыс істейді.

Бүгін «Мәңгілік Ел» пойызы Жамбыл облысы Жаңатас қаласына келді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» пойызы» жалпыреспубликалық акциясы 15 ақпанда басталып, ағымдағы жылғы 18 наурызда Алматы қаласында аяқталады.

Барлық жаңалықтар