• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында мемқызметкерлерге қызмет этикасы бойынша семинар өткізілді

Алматы облысында мемқызметкерлерге қызмет этикасы бойынша семинар өткізілді

18 Қараша, 2013 10:31
Облыстық әкімдікте әкім аппаратындағы мемлекеттік қызметшілерге арналған кезекті оқыту семинары өткізілді. Осы жолғы семинар «Мемлекеттiк қызметшiнің этикеті және қызмет этикасы» тақыбырында болды, деп Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Семинар-тренингті Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының вице-ректоры Александр Павлович Полторацкий жүргізді. Оқытудың мақсаты – этикалық кодекс дайындау мен кәсіби имидж қалыптастыру машықтарын меңгеру, этика негіздерін игеру, осы орайда тәжірибе алмасу», - делінген хабарламада. 

Вице-ректор бұл тақырыптар төңірегінде кеңінен әңгімеледі.

Сонымен қатар кәсіби мәдениеттің сыртқы және ішкі формалары жайында пікір алмасылды. 

 

Барлық жаңалықтар