• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысының әкімдігі мен Еуразиялық топ әлеуметтік серіктестік меморандумына қол қойды

Қостанай облысының әкімдігі мен Еуразиялық топ әлеуметтік серіктестік меморандумына қол қойды

15 Наурыз, 2016 18:09
Қостанайда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі мен Еуразиялық топ арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандаумға Еуразиялық топтың басқарма төрағасы Алдияр Қазтаев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

Сондай-ақ шараға ERG менеджерлер Кеңесінің төрағасы Александр Машкевич қатысты.

«Экономикалық күрделі жағдайларға қарамастан, әсіресе тау кен металургиялық салада ERG ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру үшін өзінің әлеуметтік міндетін орындайды. Қостанай облысымен көпжылдық дәстүрлі серіктестігімізді жалғастыру мақсатында Соколов – Сарыбай тау кен байыту өндірістік кәсіпорыны орналасқан аймақтың әлеуметтік саласына қолдау көрсетеміз. Меморандумда қол қойылған әрбір жоба облыс тұрғындарының әлеуметтік тұрмыстарын жақсартуға бағытталған»,-деді ол.

2016 жылы Меморандум аясында ERG тарапынан бөлінген сома 1,3 млрд. теңгені құрап отырғанын айта кеткен жөн. Өткен жылғыдай бұл қаржы да әлеуметтік жобаларға бағытталады. Бұл абаттандыру мен инфроқұрылымды дамытуға қатысты.

«Меморандум аясында Еуразиялық топ облыстың бірқатар әлеуметтік және инфроқұрылымдық жобаларына қолдау көрсететін болады. Күрделі жаңдайларға қарамастан тау кен өндірісі саласындағы кәсіпорындарда жұмыс орындары қысқарған жоқ. Біз тіпті еңбекақыны көтеру мәселелерін қарастырып отырмыз. Бұл маңызды бизнестің жауапкершілігін жүктейтін және азаматтардың әлеуметтік тұрмысына оң әсер ететін жобалар»,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Еуразиялық топ жыл сайын Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарымен әлеуметтік-экономикалық маңызды жобаларымен меморандум бекітеді. 

Барлық жаңалықтар