- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Есентаева: Биыл «Қазақ аруы-2016» байқауында 21 қатысушы бақ сынайды (ФОТО)
Б.Есентаева: Биыл «Қазақ аруы-2016» байқауында 21 қатысушы бақ сынайды (ФОТО)
«Өткен жылы ақтық сынға 26 ару жолдама алды. Өйткені, дарынды, білімді қыздар көп болды. Биылғы жылы 21 қыз бақ сынайды. Оңтүстік Қазақстан облысының арулары өте белсенді, биыл бұл облыстан іріктеу кезеңіне 100-ден астам қыз келді. Астана қаласында да бұл өңірдің бойжеткендері көп болды. Қарағанды облысының да белсенді екенін атап өткім келеді», - дейді Баян Есентаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, биыл «Қазақ аруы» байқауы алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Ақтық сын Астанада 16 наурызда өтеді. Ал ел халқы «Қазақ аруын» 22 наурызда «Хабар» арнасынан тамашалай алады.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылғы «Қазақ аруы» байқауында 21 жастағы қарағандылық Кәмшат Қоскелова жеңіске жетті. 26 ару бақ сынаған байқауда бойжеткен алтын тәжбен бірге автокөлік ұтып алған болатын.
Сұлулық байқауының талаптарына келсек, арулар қазақ тілін жетік меңгерген, сымбаты мен сұлулығы келіскен, білімді, өнерлі, бойы 170 см-ден биік, салмағы 53 келіден төмен, 16-22 жастағы, ұзын шашты болуы керек.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары