Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4,1%-ға артты

15 Наурыз, 2016 16:04
2016 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 601,9 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,1% артық, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.

«Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қаңтар-ақпанда 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 99,5% құрды.Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді», - делінген хабарламада.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 601,9 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,1% артық.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 2604,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 0,3% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,8% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,9%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,4%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,3% төмендеді.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 285,3 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2,1% артты.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104%-ды құрды.

Барлық жаңалықтар