- Басты
- Жаңалықтар
- С.Иманғалиева: Әлемнің барлық елдері Қазақстанның EXPO-2017 көрмесін жоғары саяси-идеялы деңгейде өткізетініне сенімді
С.Иманғалиева: Әлемнің барлық елдері Қазақстанның EXPO-2017 көрмесін жоғары саяси-идеялы деңгейде өткізетініне сенімді
«Мен EXPO-2017 көрмесінің құрметті қонағы боламын. Мен 60 жыл педагогика саласында қызмет еттім, 25 жыл болды қазір ардагерлер ұйымының жұмысымен айналысамын. Қазақстанға аталмыш көрмені өткізу туралы үлкен сенім білдірілген күннен бастап, мен бірден жастар мен ардагерлер арасында жұмыс жүргізе бастадым. Мен айта бастағанда-ақ жастарда көптеген сұрақтар туындайды. Олар бізге осындай ауқымды жобаны ұйымдастыруға қалай сенім білдірілді, деп сұрайды»,-деді ол.
Сол кезде ардагер С.Иманғалиева бүкіл Азия елдерінің арасындағы тәуелсіздігінің 25 жылында, ҚХА-ң 20 жылында ешуақытта бейбітшілік пен келісім, татулық пен қоғамның сеніміне селкеу түсірмеген республика Қазақстан, деп жауап береді.
«Барлық жоғары оқу орындары мен колледждердегі кездесулерде бұл біздің мемлекеттің үлкен жеңісі деп айтып жүремін. Өйткені, Қазақстан «жасыл экономика» бойынша инновациялық орталықтардың бірі болады және жаңарған энергияның баламасын үлгі етіп көрсетеді, деймін оларға. Осының барлығы біздің еліміздегі береке-бірліктің нәтижесі екенін айтудан жалықпаймын. Әрбір азамат ел дауына өз үлесін қосқысы келеді. «Жасыл технология» жылдамырақ біздің қоғамға енгізілсе, деген үмітіміз зор»,-деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, С.Иманғалиева барлық ел біздің Қазақстанның көрмені жоғары саяси-идеялы деңгейде өткізетініне сенімді және біздің республика береке-бірлігі мен татулығын, қолынан іс келетін ел екенін, яғни, барлық жағынан ұлылығын көрсете алатынын ерекше атап өтті.
«Президент өзінің Жолдауында бүгінгі жұмыстардың барлығы жастар үшін істеліп жатыр, өскелең ұрпақтың игілігі үшін, болашақтың энергиясы жастарға байланысты екенін олар білсін деді. Мен, ардагер ретінде айтатыным, егер сіздер жақсы оқысаңыздар, сонда ғана болашақтың энергиясын дамытып, алға жылжытасыздар. Бұл біздің президенттің және бүкіл Қазақстанның үміті»,-деді С.Иманғалиева.
Софья Шаймарданқызы көрмеге міндетті түрде баратынына сенімді. 2017-ші жылы 85 жасқа толады екен. Осындай жасқа келсе де тың болу спорттың арқасы болса керек.
«Адам денсаулығы мен табиғат ажырамас құбылыс. Сондықтан, қоршаған ортаға, оның байлықтарына үнемділікпен қарауымыз керек. Осының барлығы ЭКСПО-2017 көрмесінің бағыты»,-деп қорытты сөзін ардагер.
Еске сала кетейік, Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның ең маңызды жобаларының бірі. Осындай ауқымды шараны ұйымдастыру Мемлекет басшысының бастамасы. Астанадағы бүкіләлемдік көрме ұш ай көлемінде өтеді. Оған әлемнің 100 елінен және 10 халықаралық ұйымның өкілдері қатысады. Көрмеге 2 миллион адам қатысады деп күтілуде.
Индира Кауметова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді