- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ШҚО мектептерінде үш тұғырлы тілді енгізу басталады
2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ШҚО мектептерінде үш тұғырлы тілді енгізу басталады
Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар «ШҚО ақпараттық орталығы» аймақтың коммуникациялар орталығында өткізген баспасөз конференциясында аймақ мектептерінде үштілділікті енгізу 2016 жылдың ақпанында ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен мақұлданғанын мәлімдеді. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы тәжірибелік алаң ретінде анықталып, облыс мектептері алғашқы болып аталмыш оқыту жүйесіне көшіріледі.
" Біз бюджет қаражатын мектептерді қамтамасыз етуге, мұғалімдер жалақысына жұмсағанмен, нәтиже жоқ. Облыс әкімі Даниал Ахметов оқушылардың білім деңгейінің жеткіліксіздігін ескеріп, 2019 жылға дейін аймақ мектептерінде үштілділікті дамыту бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыруды тапсырды. Аталмыш құжат оқыту мен сабақ беруде жаңа үрдіске ие болмақ. Оны жүзеге асыру үшін 1300 млн теңге бөлінді", - деді Жақсылық Омар.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары қазақ, орыс, ағылшын пәндерінің мұғалімдері көктемгі және жазғы еңбек демалыстарында үш айлық қайта даярлаудан өтетіндерін айтып өтті. Ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби біліктерін жоғарлату мақсатында шетелдік мамандар шақырылады.
Облыстың барлық мектептері бірыңғай қазақ және ағылшын тілі оқулықтарымен қамтамасыздандырылады. Мектеп бітірген түлектер Мемлекеттік тілді еркін меңгеруге міндеттеліп, соған қажетті методикалық әдіснаманың бәрі жасалады. Арнайы жұмыс тобы білім деңгейлері бойынша орыс тілін оқытудың әдістемесін де дайындайды.
Сабақ жоспарын оңтайландыру арқылы ағылшын тілі пәнінің сағаттары ұлғайтылады.
Арнайы Кешенді жоспарда өзге пәндердің мұғалімдерін де үш тілділікке үйрету жүйесі қарастырылған. География, биология, математика, физика және өзге пәндер бойынша ағылшын тілімен біріктірілген оқу материалдары дайындалады. Біріктірілген материалдар түрі қазақ тілінде орыс сыныптарында, орыс тілінде қазақ сыныптарында оқытылады. Бұл қазақ тілін үйренуді жеделдетеді.
Кешенді жоспарды жүзеге асыру арқылы бойынша сөйлеу, жазу, тыңдау секілді тіл дағдылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалмақ.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді